ПОДЕЛИТЬСЯ
05 шілде 2022 | 13:29
Қазақстанда алғаш рет турникке тартылудан сайыс өтеді
Елімізде алғаш рет 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Дара" дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен мемлекетіміздің барлық аймақтарында турникке тартылудан сайыс өтпек.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елімізде алғаш рет 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Дара" дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен мемлекетіміздің барлық аймақтарында турникке тартылудан сайыс өтпек.
Жоба жетекшісі - Қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер, Street Workout-тан Қазақстан және әлем бойынша бірнеше дүркін рекорд иесі, Street Lifting бойынша Еуропа рекорд иесі, Қазақстандағы Street workout қозғалысының негізін қалаушыларының бірі - Айтым Жакупов @aitymzhakupov.
Street Workout - бұл көшедегі спорт алаңдарында түрлі жаттығулар жасайтын көше гимнастикасы. Қатысушы көбірек тартылған сайын жүлде жеңіп алу мүмкіндігі арта түседі.
Жарыста қатысушылар салмағы мен жас ерекшеліктеріне қарай 9 категорияда бақ сынайды. Сонымен қатар, жарыс ресми қазылар алқасының қатысуымен өтеді. Әр қаладағы 9 категория бойынша жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар әлемдік чемпионатқа жолдама ұтып алады.
Қатысушылар категориясы:
18 жасқа дейін (Junior)
- салмақ - 55 кг дейін;
- салмақ - 55 кг бастап 70 кг дейін;
- салмақ - 70 кг бастап жоғары қарай;
18 жастан 30 жасқа дейін (жастар )
- салмақ - 65 кг дейін;
- салмақ - 65 кг бастап 80 кг дейін;
- салмақ - 80 кг бастап жоғары қарай;
30 жастан бастап жоғары қарай (үлкендер)
- салмақ - 80 кг бастап;
- салмақ - 80 кг бастап 90 кг дейін;
- салмақ - 90 кг бастап жоғары қарай;
Әр қаладағы жүлде қоры:
- 1 орын 200 000 теңге
- 2 орын 100 000 теңге
- 3 орын 50 000 теңге
Гранд финалдың жүлде қоры:
- 1 орын 3 000 000 теңге
- 2 орын 2 000 000 теңге
- 3 орын 1 000 000 теңге
Гранд финал Нұр-Сұлтан қаласында 8 қыркүйекте өткізіледі.
Әр қаладағы сайыс күнтізбесі:
- 9:00-11:00 - тіркеуден өту, салмақ өлшеу, қатысушы нөмірін алу
- 11:00-11:30 - салтанатты ашылу
- 11:30-13:30 - сайыс
- 14:00-15:00 - жеңімпаздарды марапаттау
Фестиваль еліміздің 20 қаласында өтеді.
2022 жылы 10 шілде күнінен бастап республикалық TARTYL FEST спорт фестивалі Алматы облысы Қонаев қаласы, "Жағажай" спорт алаңынан басталады.
Өтетін күні және қалалардың тізімі:
- Қонаев 10 шілде
- Талдықорған 14 шілде
- Алматы 17 шілде
- Тараз 20 шілде
- Шымкент 23 шілде
- Түркістан 25 шілде
- Қызылорда 27 шілде
- Ақтау 31 шілде
- Атырау 3 тамыз
- Орал 6 тамыз
- Ақтөбе 9 тамыз
- Қостанай 12 тамыз
- Петропавл 15 тамыз
- Көкшетау 18 тамыз
- Жезқазған 21 тамыз
- Қарағанды 24 тамыз
- Павлодар 27 тамыз
- Семей 30 тамыз
- Өскемен 2 қыркүйек
- Нұр-Сұлтан 6 қыркүйек
2022 жылы 10 шілдеде Алматы облысы Қонаев қаласы, "Жағажай" спорт алаңында республикалық TARTYL FEST спорт фестивалі өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также