02 қазан 2020 | 14:42

Қазақстанда алты әкім қызметінен кетті

Жыл басынан бері Қазақстанда аудандық және облыстық деңгейдегі алты әкім қызметінен кетті. Мұндай статистиканы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері Қазақстанда аудандық және облыстық деңгейдегі алты әкім қызметінен кетті. Мұндай статистиканы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат бойынша, аудандық және облыстық деңгейдегі 9 әкім отставкаға кету туралы өтініш берген, алтауы жұмыстан шығарылған.

Реклама
Реклама

"Сәтбаев қаласының әкімі Ыдырысовтың және Алматы облысы Панфилов ауданы әкімі Өмірәлиевтің отставкалары қабылданған жоқ. Облыс әкімдері оларға "сөгіс" жариялады. Қарамағындағы қызметкерлері жемқорлық қылмысты өзгерісті енгізуге дейін (2019 жылғы 10 желтоқсан) жасағандықтан, Сәтбаев қаласының әкімі отставкаға өтініш бермеуіне де болар еді", - делінген агенттік хабарламасында.

28 қыркүйекте Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Ғаязов отставкаға кеткені хабарланды, ол бұл қызметті 2011 жылдан бері атқарған.

13 қыркүйекте оған тікелей бағынышты Рудный қаласы Қашар кентінің әкімі Алдонғаровқа қатысты үкім заңды күшіне енді.

"Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Нұртаевтың отставкаға кету туралы өтініші қаралуда. Оның орынбасары Тәжібаев сотталды (8 қыркүйекте оның орынбасары Тәжібаевқа қатысты үкім заңды күшіне енді)", - делінген хабарламада.

Ведомство 5 іс мониторингте екенін мәлімдеді.

"Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігіне қатысты
32 бірінші басшы жауапкершілікке тартылды (5-еуі жұмыстан шығарылды, 8-і жұмыстан босатылды, 3-еуі қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді, 9-ына қатаң сөгіс, 5-еуіне сөгіс, 2-не ескерту жарияланды). Олардың 13-і өз лауазымдарынан айырылды", - деді агенттік өкілдері.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қазіргі уақытта 13 саяси және 36 әкімшілік мемлекеттік қызметші мониторингте екенін хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная