ПОДЕЛИТЬСЯ
18 мамыр 2021 | 09:45
Қазақстанда алты өңір "қызыл" аймақта
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, "қызыл" аймақта алты өңір бар. Шымкент "қызыл" аймақтан шықты. Қала 17 мамыр қарсаңында "қызыл" аймаққа кірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, "қызыл" аймақта алты өңір бар. Шымкент "қызыл" аймақтан шықты. Қала 17 мамыр қарсаңында "қызыл" аймаққа кірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Цойдың айтуынша, Қазақстан "сары" аймақта орналасқан.
"Қызыл" аймақта 6 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта 5 өңір: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстары", - деді министр Үкімет отырысында.
"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта "коронавирус таралуының оң динамикасы және эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы" байқалады.
"Соңғы екі аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда көрсеткіш 20 пайызға төмендеді", - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны айтарлықтай азайғаны хабарланған болатын. Кейінгі тәулікте 1837 коронавирус жағдайы тілкерлген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также