ПОДЕЛИТЬСЯ
16 мамыр 2021 | 17:18
Қазақстанда аптап, найзағай болып, бұршақ жауады
Қазақстанда аптап, найзағай болып, бұршақ жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда аптап, найзағай болып, бұршақ жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
17 мамырда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады, шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр болады деп күтіледі. Шымкентте 17 мамырда шығыстан екпіні секундына 15-20 метрге дейін болатын жел күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстікте қатты ыстық 35 градус күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-18 метр болады.
Қостанай облысында кей жерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз 36 градусқа дейін аптап күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде секундына 15-20 метр болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші секундына 15-20 метр болады.
18-19 мамырда күндіз Жамбыл облысында кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также