ПОДЕЛИТЬСЯ
04 ақпан 2021 | 11:28
Қазақстанда арнайы күштер күні пайда болады
Үкімет мереке күндерінің тізіміне әскери қызметші, мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қызметкері күнін енгізуді жоспарлап отыр. ІІМ дайындаған қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әскери қызметші, мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қызметкері күнін ресми түрде 9 маусымда атап өту жоспарланып отыр.
Үкімет қаулысының жобасы 17 ақпанға дейін көпшілік талқылауында болады.
Қазақстанда арнайы мақсаттағы бөлімшелер Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Қорғаныс министрлігінде және Ішкі істер министрлігінде бар.
Қаулы мәтінінде мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің конституциялық құрылыс пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызы зор екені жазылған.
9 маусым Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қауіпсіздік кеңес жанындағы мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесін құру туралы шешіміне қол қойған күнді еске алу үшін таңдалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также