Қазақстанда әскери шеру бола ма? Қорғаныс министрлігі жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізу жоспарланған жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізу жоспарланған жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда 2023 жылы әскери шеру өткізу бюджет қаражатын үнемдеу, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланған жоқ", - делінген хабарламада.

Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін ұстап тұру басым бағыт саналатыны айтылды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосы жоспарланған әскери-патриоттық іс-шаралар өтетіні туралы мәлімделді.

Еске салайық, кейінгі үш жылдан бері Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізілмеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама