Қазақстанда ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Мәжілісте кішкентай балалары бар ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқартуды ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте кішкентай балалары бар ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқартуды ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл бастаманы Мәжілістің пленарлық отырысында Еңбек кодексіне түзетулер талқыланған кезде депутат Қарақат Әбден көтерді.

"Кішкентай балалары бар жұмыс істеп жүрген ата-аналар тіптен балабақшадан балаларын алып кетуге мүмкіндіктері болмай қалады", – деді ол.

Реклама
Реклама

Депутат уәкілетті органдар мен әріптестерін заңды екінші оқылымда қарау кезінде осы ұсынысты ескеруді сұрады.

Әлемдік тәжірибе

Депутаттың айтуынша, көптеген дамыған елдерде кішкентай балалары бар ата-аналар үшін қысқартылған жұмыс күні немесе жұмыс аптасы бұрыннан бар, және бұл тәжірибе тиімді әрі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

"Бұл қандай да бір бонус немесе артықшылық ретінде емес, отбасын нығайтуға бағытталған мемлекеттік стратегияның бір бөлігі ретінде қарастырылады. Қосымша бюджет шығындары туралы сөз болып тұрған жоқ", – деді Әбден.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама