ПОДЕЛИТЬСЯ
15 тамыз 2023 | 09:07
Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 15 тамызда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет 15 тамызда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 20-22 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 19-24, облыстың батысында 27 градус жылы.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ), найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың таулы аймақтарында 0-5 жылы, күндіз 21-26 градус, облыстың таулы аймақтарында 11-16 градус жылы.
Түнде Жетісу облысының солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауады, облыстың таулы аймақтарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, бұрқасын), найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, Алакөл ауданында екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың таулы аймақтарында 0-5, күндіз 20-25, облыстың таулы аудандарында 15 градус жылы.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың таулы аймақтарында 9, күндіз 27-32, облыстың таулы аймақтарында 24 градус жылы.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 21-26, облыстың оңтүстігінде 17, күндіз 31-36 градус жылы.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 9-14 метр жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың солтүстігі мен шығысында 12 градус жылы, күндіз 31-36 градус жылы болады.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 7-12 жел соғады, күндіз шығыста, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33 градус жылы.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстіктен жел 7-12 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 14-19 градус жылы.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 30-35 жылы.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың таулы аймақтарында 6, күндіз 22-27, облыстың таулы аймақтарында 19 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также