ПОДЕЛИТЬСЯ
05 ақпан 2021 | 12:24
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
Қазақстанда 6-8 ақпан аралығында ауа райы күрт өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 6-8 ақпан аралығында ауа райы күрт өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын Атлантика аудандарынан кезекті белсенді циклон анықтайтын болады. Ауа райы өзгереді - жаңбыр мен қар жауып, солтүстік бөлікте бұрқасын мен көктайғақ болады, республиканың біраз бөлігінде тұман болады.
"8 ақпанда Қазақстанның оңтүстік бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, оның орталығы Түрікменстаннан жоғары. Атмосфералық процестердің тез ауысуы бүкіл республика бойынша температураның ауытқуына әкеледі", - деді Қазгидромет өкілдері.
Еске салайық, 5 ақпанда Нұр-Сұлтан мен 12 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также