Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: синоптиктер ескерту жасады

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: синоптиктер ескерту жасады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет синоптиктері 2, 3 және 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет синоптиктері 2, 3 және 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанда нөсер жауып, қатты жел соғады

Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде Қазақстан аумағы белсенді циклонның ықпалында болып, күн райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсерлетіп, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейсе, 2-3 шілдеде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болады деп болжануда.

Жарнама
Жарнама

Қай жерлерде 38 градусқа дейін аптап күтіледі?

Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +31...+38 градусқа дейін көтеріледі.

Елдің солтүстік-батысында термометр бағандары +27...+35 градусты көрсетеді.

Қазақстанның шығысында да ыстық ауа райы сақталып, ауа температурасы +30...+37 градусқа дейін жылынады.

Қай өңірлерде күн салқындайды?

Солтүстік және орталық облыстарда температура +18...+28 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қолайлырақ температуралық фон орнайды - +25-тен +35 градусқа дейін.

Қазақстанда 2026 жылдың шілде айы қандай болады?

Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылдың шілде айына арналған алдын ала ауа райы болжамын ұсынған болатын. Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында болады деп күтіледі, алайда бірқатар өңірде ай әдеттегіден ыстық болады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама