21 шілде 2021 11:53

Қазақстанда ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі

Камила Долаева Журналист
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда 44 градус дейін аптап болады. "Қазгидромет" синоптиктері 22-24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 44 градус дейін аптап болады. "Қазгидромет" синоптиктері 22-24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, ауа-райының тұрақсыз сипаты оңтүстік және солтүстік облыстарды қоспағанда, елдің көп бөлігінде сақталады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста-найзағай, екпінді жел, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Жауын-шашыннан басқа ауа температурасының күндіз солтүстікте және орталықта 30-38 жылыға дейін, оңтүстікте 37-44 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 33-42 жылыға дейін көтерілуі күтілуде, тек еліміздің батысында ғана 33-41 жылудан 25-33 жылуға дейін біртіндеп төмендеуі байқалады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазақстан қалаларындағы ауа райын мына сілтемеден көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram