ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қаңтар 2021 | 11:06
Қазақстанда ауаны ластайтын көліктерге салынатын айыппұл көбейеді
Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты ауаға тиісті нормадан артық ластаушы заттар шығаратын автокөліктерге салынатын айыппұл көбейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (334-бап) енгізілген өзгерістерге сәйкес, шығарындылардағы ластаушы заттардың мөлшері белгiленген нормативтерден асса, жеке көлік иесі 10 АЕК, заңды тұлғалар 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
"Ал ережебұзушылық бір жыл ішінде қайталанса - жеке тұлғаларға 20, заңды тұлғаларға 200 АЕК айыппұл салынады. Жаңа норма шілде айында күшіне енеді. Ал әзірге қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 2, қайталанған жағдайда 5 АЕК қана айыппұл жазылады", - деді министрлік өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также