ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қараша 2022 | 16:47
Қазақстанда ауылдарды дамытуға қанша қаржы жұмсалды?
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы ауылдардың дамуы туралы айтып, "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасына жұмсалған қаражат туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы ауылдардың дамуы туралы айтып, "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасына жұмсалған қаражат туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда 6293 ауылдық елді мекен бар. Онда 8 миллионға жуық адам тұрады. Бұл халқымыздың - 41 пайызы.
"2019 жылдан бері елімізде "Ауыл - ел бесігі" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты - әлеуеті бар 3,5 мың ауылдың инфрақұрылымын дамыту. 2019-2021 жылдары бұл жобаға 200 миллиард теңге бөлінді. 665 ауылда қажетті инфрақұрылым жасалған.
Ауылдың жағдайын жақсартуға жеке инвесторлар да өз үлесін қосып жатыр. 2019 жылдан бері 57 миллиард теңге инвестиция салып, 2 мыңға жуық жобаны жүзеге асырдық", - деді Скляр Сенат отырысында.
Оның айтуынша, биыл 576 ауылдың тұрмысын жақсарту жобасына 128 миллиард теңге бөлінген. Оның 91 миллионы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, 454 миллионы әлеуметтік инфрақұрылымға, 511 миллионы көлік инфрақұрылымына жұмсалған.
Келесі жылы бұл мақсаттарға 663 елді мекенге 140 миллиард теңге бөлінетіні айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также