ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2022 | 16:36
Қазақстанда ауыр жүк көліктері қозғалысы шектелді
Қазақстанда ауыр жүк көліктері қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі автокөліктерге қозғалысқа шектеу енгізілді.
Осылайша, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары жолдарында қозғалысқа шектеу енгізген.
"23 наурыздан 1 мамырға дейін - Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қозғалысқа шектеу енгізіледі", - деп нақтылады ведомство өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также