23 ақпан 2022 | 14:40

Қазақстанда автобус тасымалы мәселелерін шешуге 30 миллиард теңге бөлінеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанның автобус паркін жаңартуға 30 миллиард теңге жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанның автобус паркін жаңартуға 30 миллиард теңге жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьер "Жасыл Даму" шотындағы 200 миллиард теңгеден астам қаражатты "халық игілігіне жарату керек" екенін айтты. Оның 100 миллиард теңгесі азаматтарға жеңілдетілген автонесие алуға бағытталады.

"Екінші кезеңде автобус паркін жаңартуға 30 миллиард теңге жұмсау туралы шешім қабылданды. Бұған қажеттілік бұрыннан бар. Автобус сатып алу және белгілі бір мөлшерлеме бойынша пайыз төлеу тасымалдаушылар үшін тиімсіз, олар оны жол жүру ақысынан алады, бұл да жағымсыз. Сондықтан автобустарды тасымалдаушыларға жеті жыл мерзімге нөлдік мөлшерлемемен сату туралы шешім қабылданды", - деді Скляр "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Бұған дейін вице-премьер Роман Скляр көлік сатып алу үшін жеңілдетілген автонесие алу шарттарын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная