20 қараша 2023 14:05

Қазақстанда автогаз қаншаға қымбаттайтыны белгілі болды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының бағасын кезең-кезеңімен көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының бағасын кезең-кезеңімен көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2024 жылы сұйытылған мұнай газы литріне 5 теңгеге қымбаттайды.

Реклама
Реклама

"Энергетика министрлігі бағаны кезең-кезеңмен көтеруді жоспарлап отыр. 2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге көтеріледі деп күтеміз. Одан кейін алдағы 3 жылда газ бағасы әр 6 ай сайын қымбаттап отырады", - деді вице-министр Энергетика министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бағаны көтеру жергілікті газ өңдеу зауыттарын жаңғырту, сондай-ақ газ өндіретін кәсіпорындардың шығынсыз болуын қамтамасыз ету үшін қажет.

"Осы арқылы біз елдегі газ тапшылығын азайтамыз", - деді Жамауов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram