ПОДЕЛИТЬСЯ
13 желтоқсан 2023 | 12:33
Қазақстанда аяз қашан басылады?
Синоптиктер 14-16 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 14-16 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облысында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады, бірақ аяз біртіндеп төмендей бастайды. Қазақстанның шығысында төмен, аязды температура сақталады. 15-16 желтоқсанда елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтал бөліктер әсеріне қар жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, боран, таулы аудандарда тұман, республиканың батысында құмды дауыл күтіледі.
"Түнде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп болжанады: батыста 5-15 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және орталықта 10-25 градус аязға дейін, солтүстікте 17-28 градус аязға дейін, оңтүстікте 5-18 градус аязға дейін, оңтүстік-шығыста 10-25 градус аязға дейін, Қазақстанның шығысында 30-40 градус аяз сақталады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также