ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қараша 2024 | 15:29
Қазақстанда әйелдердің жұмыс уақытын қысқарту ұсынылып отыр
Скандинавия елдерінің тәжірибесіне назар аудара отырып, әйелдер үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізу, сондай-ақ бала күтімі бойынша ақылы демалысты екі жылға дейін ұзарту - Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден осындай ұсыныспен премьер-министр Олжас Бектеновке жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол өзінің депутаттық сауалында соңғы жылдары Қазақстанда әйелдер көшбасшылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған бірқатар реформалар жүргізілгенін баса айтты.
"Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратта әйелдердің өкілдік етуіндегі теңгерімсіздікке назар аударды, сонымен қатар "Ауыл" партиясы бастамаларының арқасында бұл мәселе оңды бетбұрыс алды. Тек соңғы жарты жылда аудан әкімдері орнындағы әйелдер саны 8 пайызға артып, әйелдердің басшылық қызметке өтуге белсене кіріскені байқалды. Алайда, атқарылған шараларға қарамастан, бұл шаралардың нәтижесі сандық көрсеткіш деңгейінде қалып отыр және бізге жүйелі өзгерістер қажет", - деді Әбден.
Депутат Үкіметке әйелдер көшбасшылығын дамытуға ықпал ететін бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, Қарақат әбден ақылы декреттік демалысты екі жылға дейін ұзартуды, сондай-ақ Скандинавия елдерінің тәжірибесіне назар аудара отырып, әйелдер үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізуді қарастыруды ұсынды.
"Бұл отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді, жұмыс істейтін әйелдер бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөле алады", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также