01 қаңтар 2022 | 19:58

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығатын жасы ұзарды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Pixabay

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы 60-тан 60,5 жасқа ұзарады. Бұл туралы "Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңда көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы 60-тан 60,5 жасқа ұзарады. Бұл туралы "Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңда көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңның 11-бабында әйелдерге зейнетақы төлемдерін тағайындау 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 60,5 жасқа толғанда жүргізіледі деп көрсетілген.

2018 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда зейнетақы жасы кезең-кезеңімен ұзарып келеді. Осылайша, әйелдердің зейнет жас 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 63 жасқа дейін ұлғаяды.

Реклама
Реклама

1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін радиациялық қауіпті аймақтарда 5 жылдан кем емес өмір сүрген әйелдер 45 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

Бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, 2022 жылы 2,3 миллионға жуық зейнеткер ынтымақты зейнетақы мөлшерін 7 пайызға, базалық зейнетақы төлемін 5 пайызға арттырады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда құжат жасату құны өзгергені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram