04 мамыр 2021 | 11:30

Қазақстанда айына 2 миллион адамды вакциналау жоспарланды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Премьер-министр Асқар Мамин мамырда "2 миллионнан аса адамды" коронавирусқа қарсы вакциналауды тапсырды. Дәл осындай жоспарды Үкімет сәуірде жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Асқар Мамин мамырда "2 миллионнан аса адамды" коронавирусқа қарсы вакциналауды тапсырды. Дәл осындай жоспарды Үкімет сәуірде жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінде Қазақстанда 3 вакцина қолданылатынын айтты: ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVaq вакцинасы, Sinopharm компаниясының қытайлық Hayat-Vaх препараты. Бірінші компонентті шамамен 1,5 миллион адам немесе вакцина салдыратын халықтың 15 пайызы қабылдаған.

"Вакцинация қарқынын арттыру керек. Біз коронавирусқа қарсы вакцина қажеттілігін барынша қамтамасыз ету және пандемия деңгейін төмендету үшін қолдан келгенін жасаймыз. Ауыл тұрғындарын вакцинациялауға ерекше назар аудару керек. Мамырда екі миллионнан аса адамды вакцинамен қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Мамин.

Реклама
Реклама

Мамин жоспарды бақылауды өзінің орынбасары Ералы Тоғжановқа қалдырды.

Айта кетейік, 12 сәуірде Мамин вакцинация кестесін нақты ұстануды тапсырды: сәуір, мамыр және маусымда 2 миллион адамға екпе жасау жоспарланған. 27 сәуірде Асқар Мамин сәуірдің қорытындылары бойынша вакцинациялауға жататын халықтың 20 пайызы COVID-19-ға қарсы вакцина алуы тиіс екенін мәлімдеді.

Ай сайын екі миллион адамды вакцинациялау жоспарланып отыр. Қыркүйекте 10 миллион адамды вакциналау жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная