20 қыркүйек 2016 15:24

Қазақстанда азаматтардың кейбір категорияларына байланысты несие ақысын кешіру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1 show.kz © 1 show.kz

Парламент Мәжілісінде коллекторларға айнылысуға тыйым салынатын азаматтардың тізімі туралы талқыланды. Ұлттық банк өкілдері несие алған кейбір азаматтардың банкке қарыз өтемдерін кешірудің мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Парламент Мәжілісінде коллекторларға айнылысуға тыйым салынатын азаматтардың тізімі туралы талқыланды. Ұлттық банк өкілдері несие алған кейбір азаматтардың банкке қарыз өтемдерін кешірудің мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Коллекторлар физикалық тұлғалардың (...) мына категориялардың біріне жататын азаматтардан қарыздарын өтеуін талап етпеуі тиіс: мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері; Ұлы Отан соғысы қатысушыларына немесе мүгедек адамдардың қатарына теңестірілген азаматтар: бірінші және екінші топтағы мүгедектер; кәмелетке толмаған азаматтар; зейнеткерлер; соттың шешімімен қабілеті жоқ деп танылған азаматтар; психоневрологиялық немесе наркологиялық диспансерлерде ем алып жатқан азаматтар; туберкулез ауруына шалдығып, диспансерде ем алып жатқандар; жазатайым оқиғаның салдарынан немесе қызметтік міндетін атқарып жатқан кезде жарақат алып қалғандар, созылмалы аурумен шалдыққандар, еңбекке жарамдылығының 80-100 пайызынан айырылған азаматтар; бас бостандығынан айыру мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар; экологиялық апаттардың салдарынан немесе төтенше жағдай кезінде үйінен айырылған азаматтар; мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде міндетін атқару кезінде, әскери қызметте немесе ғарышқа ұшу кезінде адам өмірін құтқару мақсатында қаза тапқан отбасылардың мүшелері", - делінген заңнамаға енгізілген өзгертулерде.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков осы ұсыныстарды айта отырып, аталған азаматтардың банк алдындағы қарыздарын кешіруге болатынын айтты.

"Біз айтылған барлық ұсынысты мұқият қарап шықтық. Яғни, бұл азаматтардың әрқайсысында өзіндік бір себептері бар. Банк өкілдері осы азаматтарға несие берген кезде олардың жағдайларын ескермеген болу керек. Сондықтан осы тізімдегі азаматтардың несие қарыздарын кешіру дұрыс болады. Коллекторлардың қызметі өзгешелеу. Олар айтылған азаматтардың несие қарыздарымен айналыспауы қажет. Біз мұны қолдаймыз", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Осы ұсыныс бойынша депутат Зағипа Балиева мынадай сұрақ қойды: "Егер де осындай ұсыныс қабылданса, банктегілер айтылған азаматтарға несие бермей қоймайды ма?" Айта кетейік, Зағипа Балиеваның бұл сұрағын отырған әріптестердің барлығы орынды деп санады.

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасының орынбасары азаматтардың осы тізіміне кәмелет жасына толмаған балалары бар азаматтарды енгізу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді.

"Мен мұнымен келіспес едім. Бірақ маған бұл ұсыныс ұнады, яғни коллекторларға жұмыс істеуге тыйым салынған азаматтардың кейбір категориялары туралы ұсыныс. Өмірде түрлі жағдайлар болады. Борышкер төлей алмай, содан коллекторлар олардан ақшаны өнідіріп алады. Білесіз бе, әсіресе кәмелет жасына толмаған балалар өмірде қиындық тудыратын жағдайлар емес, бұл отбасыға келген бақыт. Сондықтан да мен бұл жағдайларды шатастырмауды қалаймын", - деді Смоляков.

"Тыңдаңыздар, біз қазір келісеміз. Мен кәмелет жасына толмаған балалары бар отбасылардың қарыздарымен еш жағдайда коллекторлық ұйымдардың айналысуына жол бермеймін. Сіздер, кешіріңіздер, бала - ол үлкен бақыт. Сондықтан да кәмелет жасына толмаған отбасылардың қарыздарын коллекторға жіберу керек емес", - деп жауап берді Ұлттық банк төрағасының орынбасары депутат Балиеваның қойған сауалына. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети