04 сәуір 2020 | 12:53

Қазақстанда азық-түлік бағасы белгіленді

Сурет: elements.envato.com

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы белгіленді. Сауда, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрлігі бірлескен бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы белгіленді. Сауда, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрлігі бірлескен бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгіннен бастап келесі тауарларға шекті бағалар белгіленеді: бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан, түтік кеспе (таразыда өлшенетін), қарақұмық жармасы, тегістелген күріш, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі), тауық жұмыртқасы (І санат), күнбағыс майы, ас тұзы ("Экстрадан" басқа).

Реклама
Реклама

"Соңғы айдағы азық-түлік тауарларына жасалған талдау нәтижесінде, бұл қазақстандықтардың жиі сатып алатын тауарлары болып шықты. Биылғы жылдың басынан бері дәл осы тауарлардың бағасы өсті", - делінген хабарламада.

Әр өңір үшін баға бөлек белгіленген. Мәселен, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бір келі нанның Нұр-Сұлтандағы ең қымбат бағасы 150 теңге, Алматыда - 146 теңге, Шымкентте - 146 теңге бола алады.

Өңірлерде: Маңғыстау облысында - бір келі нан үшін 164 теңге, Ақтөбе облысында - 147, Атырау облысында - 164, Ақмола облысында - 160, Қостанай облысында - 139, Қызылорда облысында - 143, БҚО - 160, ШҚО - 150, Павлодар облысында - 161, СҚО - 120, Алматы облысында - 144, Жамбыл облысында - 138, Түркістан облысында - 148 теңге.

Қарағанды облысында бағалар елді мекендерге байланысты белгіленген. Онда бір келі нанның құны 142-ден 160 теңгеге дейін.

Алайда бір бөлке нан (кірпіш) - 550 грамм. Осылайша, нан (кірпіштің) бағасы, мысалы, Нұр-Сұлтанда - 82,5 теңгеден, Алматы мен Шымкентте - 80,3 теңгеден аспайды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсатсыз баға көтерілсе, 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісі Нұр-Сұлтанда - 197, Алматыда - 211 болуы тиіс. Ал кеспе астанада - 230, Алматыда - 209 теңге.
Екі қалада қарақұмық жармасының бағасы бірдей - 339 теңге.
Күріш Нұр-Сұлтанда -307 теңге, Алматыда - 310 теңге тұрады.
Сиыр еті астанада 2113 теңге және Алматыда - 2169.
Он жұмыртқа - тиісінше 351 және 367 теңге. 
Күнбағыс майы Нұр-Сұлтанда - 481, Алматыда - 434.
Тұз - 55 теңге, Алматыда 59 теңге.

Басқа аймақтағы бағаларды сайттан білуге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная