Қазақстанда бағалы металдардың заңсыз айналымын әшкереледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда бағалы металдардың заңсыз айналымын әшкереледі Фото: Polisia.kz

Степногорскіде полиция бағалы металдардың заңсыз айналымын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Степногорскіде полиция бағалы металдардың заңсыз айналымын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 қарашада Степногорскте полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіп, құрамында алтын бар шикізатты заңсыз өңдеуді жүзеге асырған адамдардың қызметі тоқтатылды.

Заводской кентінің аумағында полицейлер екі жасырын цехты анықтады. Ұстау кезінде заңсыз екі бригада болды. Қатысушылардың құрамында алтыны бар материалдан арнайы жабдықты пайдалана отырып, алтын алу процесін ұйымдастырғаны анықталды.

Жарнама
Жарнама

Оқиға орындарын тексеру және тінту іс-шараларын жүргізу барысында құрамында 800 келіге жуық алтын бар материал, екі қайта өңдеу құрылғысы, сондай-ақ 30 грамм алтын тәркіленген.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заңға қайшы қызметке қатысы бар азаматтарға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама