24 маусым 2021 | 14:08

Қазақстанда бағасы реттелетін дәрілер тізімі қысқарады: себебі айтылды

Камила Долаева Журналист
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанда бағасы реттелетін дәрілік препараттардың тізімі қысқарады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұның себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бағасы реттелетін дәрілік препараттардың тізімі қысқарады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұның себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, дәрілік заттарды кезең-кезеңімен қайта реттеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы жұмыс шеңберінде мемлекеттік бағасы реттелетін дәрілік заттарды, қазақстандық нарықта оларды алмастыратын ұқсас әсер етуші заттар мен препараттар болған жағдайда қысқарту болжанып отыр.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта қолданыстағы дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу тетігі фармацевтикалық нарықты дамытуға және отандық тауар өндірушілерге жаңа инновациялық препараттарды енгізуге мүмкіндік бермейді. Бизнес өкілдері 6 айдан астам уақытты алатын шекті бағаларды бекіту мерзімдері, дәрілік заттарға шекті бағаларды дұрыс қалыптастырмау, жаңа препараттарға бағаларды бастапқы тіркеудің 5 жылға дейінгі ұзақ кезеңі бойынша көптеген мәселелерді көтереді. Бизнестің пікірінше, бұл шектеу баға саясатын қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді, бекітілген шекті баға болмаған кезде дистрибьюторлардың дәрілік заттарды сақтауға арналған шығындарының ұлғаюына әкеледі.

Реклама
Реклама

Бұл ретте, агенттіктің 2021 жылы қаңтар-ақпандағы дәрі-дәрмектердің бөлшек сауда бағаларына жүргізген мониторингінің деректері бойынша дәріханаларда шекті бағалар қойылмайды. Мысалы, 100 мл балаларға арналған панадол/суспензияна қойылған шекті баға 1 633,71 теңге, ал дәріханаларда 1075 теңгеден сатылады; 5%, 30 мл йод/спирт ерітіндісі - шекті бағасы 234 теңге, дәріханада бағасы - 176 теңге; Хилак ® форте/тамшы 100 мл - шекті бағасы 3 778 теңге, дәріханада бағасы - 2681 теңге.

Талдау аясында дәрі-дәрмектерді әр бөлшек сатушы өзінің объектив бағасын белгілейтіні анықталды, бірақ бағаларды шекті деңгейге дейін "көтеретіндер" бар.

Қазіргі уақытта агенттік, Денсаулық сақтау министрлігі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары, "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және фармацевтикалық қауымдастықтар арасында дәрілік заттардың бағаларын қайта реттеуге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы тиіс деген түсінікке келді.

Бірінші кезеңде, 2022 жылдың ортасына дейін Агенттік бағасы реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін халықаралық патенттелмеген атау бойынша алмастыруға болатын алдын ала 3742 бірлікке қысқартуды ұсынады. Бұдан әрі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі агенттікпен келісім бойынша бөлшек саудада сатылатын және реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесі қысқартылатын болады.

Бағаны реттеуді алып тастаудың бірден-бір мысалы ретінде медициналық маскаларды келтіруге болады, оларға шекті бағалар ағымдағы жылдың сәуір айында алынып тасталды, реттеуді алып тастағанға дейін кәсіпкерлерде олардың құнын барлық жерде шекті бағаға дейін көтеру мүмкіндігі болды, алдымен - 118 теңге, кейін - 60 теңге, ал қазіргі уақытта, реттеуді алып тастағаннан кейін Бәсекелестік және жеткілікті өндірісті қамтамасыз ету жағдайында бағалар маска үшін 15-40 теңге шегінде ұсталды.

"Дәрі-дәрмектердің бағасын міндетті реттеу кепілдендірілген медициналық көмек пен әлеуметтік сақтандыру аясында қалады. Бұдан басқа, Ерекше тәртіп бойынша коронавирустық инфекцияны емдеу кезінде пайдаланылатын антиковидті препараттарға шекті бағаларды қалыптастыру тәсілін агенттік бастамашылық еткен және шектеу іс-шаралары кезеңінде қолдау тапқан.

Тұтастай алғанда, агенттік қабылдап жатқан шаралар дәрілік препараттарды бөлшек саудада өткізу нарығында адал бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді, өйткені бүгінгі таңда қолданылып жүрген фармпрепараттар нарығында реттеудің қатаң жүйесі дәрілік заттарды нарықтан шығаруға ықпал етеді және оны нарыққа жаңа дәрілерді шығару тұрғысынан тартымсыз етеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда дәрі-дәрмектер айтарлықтай қымбаттауы мүмкін екені хабарланған, себебі билік бағасы реттелетін дәрі-дәрмектер тізімін қысқартуға ниетті.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, қазіргі қолданыстағы ережелер бизнесті дамытуға кедергі жасайды. Жеңілдіктер бір-бірін алмастыра алатын белсенді препараттарға ғана қолданылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная