Қазақстанда балалар жобасының продюсері зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды: полиция тексеруді бастады

Қазақстанда балалар жобасының продюсері зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды: полиция тексеруді бастады Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Нұрғали Нұғман видеоүндеу жариялап, бала кезінде өзінің туысы – тележобалардың бірінің продюсері тарапынан зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді. Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарының басталғанын хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстандық Нұрғали Нұғман видеоүндеу жариялап, бала кезінде өзінің туысы – тележобалардың бірінің продюсері тарапынан зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді. Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарының басталғанын хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Не болды?

Нұрғали Нұғман әлеуметтік желіде оқиғаның мән-жайын айтты. Ол зорлық-зомбылықты мансабының басында көмектескен жақын туысы жасағанын мәлімдеді.

Жарнама
Жарнама

"Бала кезімде туысым, ағам зорлық жасады. Ол продюсер болатын. Ол кезде мен қазақстандық телесериалдарға түскім келетін. Ағамның көмегімен кастингтерден өтіп, көпшілік көрініске түсіп жүрдім. Уақыт өте келе ол маған сериалдарда басты және қосалқы рөлдерді алуға көмектесті. Мені теледидардан көрсете бастады", – деп еске алады актер.

Әртістің айтуынша, әдетте түсірілімнен кейін қатысушыларды үйлеріне жеткізіп салатын. Сол күні туысы оны өзім апарып тастаймын деп, кабинетіне шақырған.

Нұғман ер адамның оны ол жерге алдап кіргізгенін айтады.

Кейінірек Нұғман екінші видео жариялап, телеарна атауын шатастырып алғанын нақтылады (бұған дейін ол "Балапан" арнасының продюсері туралы айтқан болатын). Ол ұжымнан кешірім сұрап, ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырды.

Айта кетейік, жарияланымнан кейін жас жігіттің Instagram-дағы оқырмандар саны қарқынды түрде арта бастады.

Ләйлә Сұлтанқызының ұстанымы

Жағдайға қатысты 2012-2016 жылдар аралығында "Балапан" телеарнасын басқарған қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы пікір білдірді. Ол дәлелсіз мәлімдемелер үшін арнаның беделіне нұқсан келтіруге болмайтынын атап өтті.

"Дәлел, дәйексіз біреу солай айтты екен деп бүкіл арнаның жұмысын, қызметкерлерін жаман атты қылған дұрыс емес! "Балапан" арнасына көптеген компания аутсорсер болып, түрлі хабарлар, сериалдар, мультфильмдер түсіреді. Әр аутсорсер компанияда ондаған, жүздеген адам еңбек етеді. Арна қызметкерлері барлығын танымауы қалыпты жағдай. Арна - тапсырыс беруші, ауторсер компания тапсырылған жұмысты келісім-шарт аясында орындаушы ғана", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Ләйлә Сұлтанқызы егер жәбірленуші кінәлі адамның жазаланғанын шынымен қаласа, ресми арыз түсіруі керектігін атап өтті.

Полиция не дейді?

Алматы қалалық Полиция департаменті ақпараттың тіркелгенін және тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жарияланымда айтылған барлық мән-жайды анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.

"Сондай-ақ оқиғаға қатысы болуы мүмкін тұлғалар мен куәгерлер анықталып жатыр. Мұндай мәлімдемелер, әсіресе балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты жайттар құқықтық бағасыз қалмайды және ерекше бақылауда болады", – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері баяндалған деректер расталған жағдайда, заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатынын қосты.

"Тергеу басталды": ІІМ не дейді?

Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"БАҚ-тағы хабарламалардан кейін біз де жедел әрекет еттік. Құқықтық баға тергеу барысында берілетінін айтқым келеді. Тергеу басталды, барлық уәж тексеріледі. Қазіргі уақытта арызданушы Қазақстаннан тыс жерде – Қытайда жүр", – деді Әділов Мәжіліс кулуарында.

Әділовтің сөзінше, арызданушы Қытайдан келген соң барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілетін болады.

Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама