ПОДЕЛИТЬСЯ
01 маусым 2020 | 14:16
Қазақстанда балалар үйі азайды
Қазақстанда жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың саны қысқарды, нәтижесінде елдегі балалар үйі де азайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дулат Жекебаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 3 893 адамға азайды. Оларды отбасыларға орналасуы 70 пайызға артты. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған ұйымдар саны 33-ке азайды. Жетімдер саны 568 балаға қысқарды", - деді Дулат Жекебаев.
Сондай-ақ, ол ата-ана құқынан бас тартқан адамдардың саны 289-ға азайғанын хабарлады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также