ПОДЕЛИТЬСЯ
17 шілде 2024 | 15:32
Қазақстанда балалардан саусақ ізі алына бастайды
Қазақстанда кәмелетке толмаған балалардың саусақ іздері алынады. "Ашық НҚА" порталында Ішкі істер министрінің тиісті бұйрығының жобасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда кәмелетке толмаған балалардың саусақ іздері алынады. "Ашық НҚА" порталында Ішкі істер министрінің тиісті бұйрығының жобасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Саусақ ізін тіркеуді (саусақ ізін алу) жүргізу қағидаларында ішкі істер органдары саусақ ізі туралы ақпаратты жинайтыны көрсетілген:
- өздерінің келісімі бойынша, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алғаш алу үшін, сондай-ақ оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасы азаматтарының;
- Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу үшін осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен жүгінген кезде он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалардың.
Сондай-ақ, жол жүру құжатын алғаш ресімдеген, сондай-ақ қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.
"Дактилоскопиялық ақпаратты жинау адамның екі қолы он саусағының және (немесе) екі қолы алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректерді дактилоскопиялау арқылы алуды және осы Қағидаларда белгіленген дербес деректердің тиісті ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтиды", - делінген құжатта.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу үшін өтініш жасаған кезде он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалардан дактилоскопиялық ақпаратты жинау олардың келісімі және жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат ұсынған кезде баланың заңды өкілінің қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также