01 маусым 2023 | 09:26

Қазақстанда балаларды қорғау күні тойланып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото pixabay

1 маусымда Қазақстан Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Мереке адамдар назарын балаларға қатысты мәселелерге аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 маусымда Қазақстан Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Мереке адамдар назарын балаларға қатысты мәселелерге аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда тойланады. Ол 1949 жылы қарашада Парижде әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімі бойынша құрылып, алғаш рет 1950 жылы атап өтілді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құжаттарды ратификациялады. Сондай-ақ, мемлекетте кәмелетке толмағандардың құқықтарын нақтылайтын заңдар мен қаулылар қабылданды. Халықаралық және ұлттық құқықтық нормалар балалар тап болатын қиын мәселелерді шешуге арналған.

Реклама
Реклама

Өкінішке қарай, Қазақстандағы бала саны туралы нақты деректер жоқ. Ұлттық статистика бюросының соңғы жаңартуы 2022 жылдың басында жарияланған. Ол кезде Қазақстанда 0 мен 17 жас аралығындағы 6 485 507 бала тізімде болған.

2022 жылдың 12 айында, бюро мәліметінше, Қазақстанда 403,9 мың бала дүниеге келген, оның 51,5 пайызы ұлдар, 48,5 пайызы қыздар. 241,4 мың бала немесе туылғандардың жалпы санының 59,8 пайызы қалада, қалған 162,4 мың бала – 40,2 пайызы ауылда дүниеге келген.

Биылғы бірінші тоқсанда бюро мәліметі бойынша 93,5 мың бала дүниеге келген. Сондықтан, қазір Қазақстанда жеті миллионға жуық кәмелетке толмағандар тұрады деп болжауға болады.

Бюро мәліметі бойынша, барлық жас топтарындағы қыздардың санынан ұлдар саны басым.

Балалар өлімі жыл санап төмендеп келеді. Ұлттық статистика бюросы балалар өлімінің негізгі себептері туралы 2021 жылға арналған мәліметтерді ұсынды. Көбінесе өлім-жітім жол-көлік оқиғаларынан болған. Жиілігі бойынша екінші орында балалардың абайсызда суға кетуі. Олар барлық бала өлімінің төрттен үш бөлігін құрайды.

Биыл Балаларды қорғау күні мектептегі соңғы қоңырау күнімен тұспа-тұс келді. Білім министрлігі мәліметінше, 1-10-сынып оқушыларының 85,3 пайызы жазғы демалыспен және сауықтырумен қамтылады. Бұл еліміздегі 2 миллион 800 мың бала.

Балалардың демалысын ұйымдастыру үшін 218 қала сыртындағы және 10200 мектеп, мамандандырылған және шатырлы лагерьлер жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, "Этноауыл" және "Жазғы ваучер" жобалары жүзеге асырылмақ. Жетекші жоғары оқу орындарында жазғы және олимпиадалық қосымша мектептері бар. Жазғы демалыс кезінде қосымша білім беру мекемелерінде секциялар мен үйірмелер ашылады.

1 миллион 400 мың бала үшін ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттағы 11 мың үйірме жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, балалар "Жасыл ел" бағдарламасы аясында бау-бақшамен айналысып, еліміздің киелі жерлеріне саяхаттап, спорттық оқу-жаттығу жиындарында жаттығып, тіл курстарына барады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная