Қазақстанда балалары үшін мыңдаған ата-ана жазаланды

Қазақстанда балалары үшін мыңдаған ата-ана жазаланды Фото:depositphotos.com

Полиция ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қызылорда облысында 7000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция әкімдікпен бірлесіп Қызылорда облысында тұрақты түрде "Жасөспірім", "Жасөспірім-2", "Каникул", "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шараларын, сондай-ақ "Түнгі қала" және "Квадрат" рейдтерін өткізіп тұрады. Соның нәтижесінде алты ай ішінде полицейлер 6 957 құқық бұзушылықты анықтады.

Жарнама
Жарнама

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына қаңғыбастықпен және қайыршылықпен айналысқан 155 жасөспірім жеткізілді.

"Ата-аналар жауапкершілікке тартылды"

Түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе үйінен тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған 4 635 кәмелетке толмаған баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта болуына жол берген 174 ойын-сауық мекемесінің иесі мен қызметкері, сондай-ақ жасөспірімдерге темекі өнімдерін сатқан 29 адам жауапқа тартылды.

"Сот шешімімен бала тәрбиесінен дәлелді себепсіз жалтарған төрт ата-ана ата-ана құқығынан айырылды. Тағы төрт ата-ананың құқығын сот шектеді", - деп хабарлады ІІМ.

Қазіргі таңда өңірде ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде 75 жасөспірім мен 89 қолайсыз отбасы тұр. Олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Шымкенттегі түнгі рейдтер

Кезектегі рейд кезінде полицейлер Шымкентте кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз көшеде жүруінің 164 жағдайын анықтады. Барлық факті бойынша ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар ойын-сауық мекемелерінде 22 жасөспірім болған. Бұл үшін тек олардың ата-аналары ғана емес, жасөспірімдердің түнгі уақытта болуына рұқсат берген мекеме әкімшілері де жауапқа тартылды.

Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлуге, олардың қайда жүргенін білуге және кәмелетке толмағандарды түнде қараусыз қалдырмауға шақырды.

Тағы оқыңыз: Неліктен жазда балалар мен жануарларды көлікте қалдыруға болмайды: жүргізушілерге қауіп туралы ескертілді

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама