Қазақстанда барлауға арналған лицензияларды арнайы топ тексереді

Қазақстанда барлауға арналған лицензияларды арнайы топ тексереді Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы барлауға арналған лицензияларды арнайы топ тексереді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

"Онда қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензиялар берудің заңдылығы мәселесі қаралды. Бұл шешімдердің заңдылығын талдау үшін арнайы жұмыс тобы құрылады", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

primeminister.kz

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, "Самұрық-Қазына" қорының басшылары қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама