31 желтоқсан 2021 | 10:42

Қазақстанда баспана бір жылда қалай қымбаттады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Елде жаңа баспана нарығындағы баға бір жылда 15,2 пайызға, ал қайта сатылған баспана нарығындағы баға 23,1 пайызға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елде жаңа баспана нарығындағы баға бір жылда 15,2 пайызға, ал қайта сатылған баспана нарығындағы баға 23,1 пайызға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сарапшылар мәліметінше, қарашада елімізде тұрғын үй бағасы 0,6 пайызға артып, шаршы метрі 354 мың теңгеге дейін жетті. Қайталама нарықта баға 1,1 пайызға, шаршы метр үшін 282 мың теңгеге дейін жетті. Бір жыл ішінде республикада жаңа тұрғын үй нарығындағы бағалар 15,2 пайызға, қайталама нарықта 23,1 пайызға өсті.

Реклама
Реклама

Жылжымайтын мүлік бағасы артуы әлемдік трендке айналды. Мысалы, Түркияда биыл екінші тоқсанда тұрғын үй 33 пайызға, Чехияда 14,7 пайызға, Эстонияда 11,9 пайызға қымбаттаған. Португалия мен Германиядағы жаңа пәтерлер 7-8 пайызға қымбаттады. Бұл орайда Еуропада базалық мөлшерлеме 2016 жылғы наурыздан бастап 0 пайыз деңгейінде қалды, ал Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 9,75 пайызға дейін көтерді. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда тұрғын үй бағасы бұрынғыдай өспеген.

Қазақстанның ірі қалаларында үшінші тоқсан қорытын бойынша, жаңа тұрғын үй бағасының жылдық өсімі Алматы үшін 13 пайыз, Нұр-Cұлтан үшін 15,6 пайыз, Шымкент үшін 16,8 пайыз болды. Қайталама нарықта көрсеткіштер жоғары (Алматыдан басқа), онда 9,8 пайыз, 27 пайыз және 54,6 пайыз болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная