ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қараша 2023 | 15:48
Қазақстанда басы дауға қалған кәсіпкерге Ресейде іздеу жарияланды
Алматыда және шетелде қымбат мейрамханалар желісі бар ресейлік кәсіпкер, ресторатор Александр Орловқа Ресейде іздеу жарияланды. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда және шетелде қымбат мейрамханалар желісі бар ресейлік кәсіпкер, ресторатор Александр Орловқа Ресейде іздеу жарияланды. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Mash Telegram-арнасы мәліметінше, рестораторға қылмыстық бап бойынша федералдық іздеу жарияланды. Қандай бап екені нақты көрсетілмеген.
Бұрын Орлов Ресейден кетіп қалған болатын. Тамызда ол үш фирмадағы 33,3 пайыз үлесін сатқан: "Тануки", "Тануки-Краснодар" және "Тануки-Н.-Новгород". Сондай-ақ, осы жазда ол Bulldozer Group мейрамханалар тобынан құтылды.
Айта кетейік, Алматы мен Астанада Александр Орловқа бірнеше мейрамхана тиесілі.
Еске салайық, былтыр Орловтың басы дауға қалған болатын. Кәсіпкер "Орта Азияда білікті кадрларды табу қиын, олар тапшы" деп мәлімдеді. Бұл мәлімдеме қазақстандықтардың әлеуметтік желілерде наразылығын тудырды. Орлов өзінің мекемелерінің бірінде келушілерді дәм татуға шақырып, содан кейін оларға бұл - мысықтың еті екенін айтқанын еске салды. Кәсіпкер бұл үшін кешірім сұрап жазба жариялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также