ПОДЕЛИТЬСЯ
31 мамыр 2023 | 14:40
Қазақстанда бензин мен дизель экспортына салынған тыйым ұзартылуы мүмкін
Қазақстанда автокөлікпен бензин мен дизель отынын шығаруға салынған тыйым ұзартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда автокөлікпен бензин мен дизель отынын шығаруға салынған тыйым ұзартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын Энергетика министрлігі "Ашық НҚА" порталында орналастырды.
Құжатқа сәйкес, алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу көзделген.
Бұған майлау майлары, сондай-ақ өнеркәсіптік өндіріске қою мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан қоспаларды іріктеу, үлгілерді біліктілік және зертханалық сынау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін автомобиль көлік құралдарын, авиациялық отынды дайындаушы зауытта көзделген бензин бактарындағы мұнай өнімдерін әкету кірмейді.
Түсіндірме хатта жанар-жағармайдың экспортына тыйым салу автокөлік құралдарын өндіруші ұсынған стандарттарға сәйкес келмейтін газ цистерналарындағы бензин мен дизель отынның экспортына жол бермеу үшін енгізілгені көрсетілген.
Бұйрық жобасы 2023 жылғы 13 маусымға дейін қоғамдық талқылауға жіберіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также