12 қараша 2021 | 11:54

Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Қазақстанда автокөлікпен бензин және дизель отынын экспорттауға тағы алты айға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда автокөлікпен бензин және дизель отынын экспорттауға тағы алты айға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы энергетика министрінің, ҰҚК төрағасының, қаржы министрінің және Қазақстан ішкі істер министрінің "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған бірлескен бұйрығында айтылған.

"Көлік құралдарын дайындаушы зауыт көздеген бензин бактарындағы, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген ыдыстарда елден шығаруды, жанар-жағармай майларын қоспағанда, бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасы аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген бұйрықта.

Реклама
Реклама

Бірлескен бұйрық қолданысқа енгізіледі және ол ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алдыңғы алты айлық тыйым сәуірде енгізілген. Тиісті шешімді Энергетика министрлігі мәліметінше, ішкі нарықта мұнай өнімдері тапшылығын болдырмау үшін қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная