21 ақпан 2022 | 12:09

Қазақстанда бес күн ішінде 13 майнинг фермасы анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық фото ©РИА Новости

Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлері бірлесіп бес күн ішінде  13 майнинг фермасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлері бірлесіп бес күн ішінде  13 майнинг фермасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жүргізілген тексерулер нәтижесінде соңғы бес күнде мобильді топтар жалпы тұтыну қуаты 202 мегаватт болатын 13 майнинг фермасын анықтап, жұмыстарын тоқтатты", - делінген хабарламада.

Қарағанды облысында жалпы қуаты - 31,3 мегаватт, Павлодар облысында - 22 мегаватт, Түркістан облысында - 3,28 мегаватт, Ақмола облысында - 1,03 мегаватт, Қостанай облысында - 0,82 мегаватт, Нұр-сұлтан қаласында - 1,8 мегаватт, Алматы қаласында - мегаватт, Шымкент қаласында - мегаватт цифрлық майнинг бойынша қызмет анықталды. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты - 91 мегаватт цифрлық майнингке, Қарағанды облысында - 44 мегаватт цифрлық майнингке шектеулер енгізілді.

Майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша мобильді топтың жұмысы жалғасады. Анықталған майнингтік фермалар бойынша уәкілетті органдар жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная