ПОДЕЛИТЬСЯ
05 наурыз 2021 | 12:03
Қазақстанда бес мұнай-газ химия зауыты салынады
Қазақстанда 2025 жылға дейін бес жаңа мұнай-газ химиясы зауыты салынады. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 2025 жылға дейін бес жаңа мұнай-газ химиясы зауыты салынады. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрліктің алқа отырысында Ноғаев мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу туралы айтып берді. Онда мұнай-газ химиясы өндірісін жеделдету және инвестор үшін ұтымды жағдайлар жасау туралы айтылды.
"Жоба мәселелерді шешуге баса назар аударып, саланы нақты дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, мұнай-газ химиясы жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету, мұнай-газ химиясы кластерін құру, одан әрі қайта бөлуді дамыту. Бұл шаралар 2025 жылға қарай бес зауыт құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді", - деді Ноғаев.
Министрдің айтуынша, Атырау облысында үш зауыт салынады:
- қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін;
- қуаттылығы 57 миллион текше метр азот және 34 миллион текше метр техникалық газ өндіретін;
- қуаттылығы жылына 430 мың тонна полиэтилентерефталат өндіретін.
Шымкентте қуаттылығы жылына 81 мың тонна полипропилен өндіретін жаңа зауыт және Шымкент мұнай өңдеу зауытының шикізат негізінде қуатылығы жылына 57 мың тонна бензинге арналған октан қуатын күшейтетін қоспа шығаратын жаңа зауыт құрылысы аяқталады.
Оралда жалпы қуаттылығы 182 мың тонна метанол мен гликоль өндіретін зауыт салынады.
"Өндіріс көлемі екі миллион тонна мұнай-газ химиясы өнімі мөлшерін тоғыз есеге ұлғайтады. Ел экономикасына салынған инвестиция көлемі шамамен 3,9 миллиард доллар", - деп түйіндеді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также