20 желтоқсан 2019 | 10:08

Қазақстанда биыл 3 террактінің жолы кесілді - ҰҚК

19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, қабылданған шаралар нәтижесінде террористік актіні жасауға бағытталған 3 ұмтылыстың жолы кесілді. 7 радикал топтың және 34 жекелеген экстремистің қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл қойылды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, комитеттегілер радикал көзқарастан 907 адамның қайтарылғанын хабарлады. Бас бостандықтарынан айыру орындарында террористік және экстремистік қылмыс жасағандары үшін жазаға тартылған 162 сотталушы райынан қайтты дейді.

Ведомство мәліметінше, жергілікті жерлерде "Жусан" гуманитарлық операциясы шеңберінде террористік қарқынды аймақтардан қайтарылған әйелдер мен балаларды оңалту бойынша жұмыс жолға қойылды. Бұрынғы сенімдерінен осы  әйелдердің үштен бір бөлігі бас тартты, қалғандары бойынша жұмыстар табысты жалғасып жатыр.

"Қазақстандық қоғамды терроризм және экстремизмді насихаттаудан қорғау мақсатында интернет кеңістігін мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Жүйе әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентті айқындауға және артынша бұғаттауға мүмкіндік береді. Радикал ортаға қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың түсуіне жол бермеудің қосымша алдын алу тетіктері енгізілді. Нәтижесінде осындай 17 жағдайға жол берілмеді", - делінген ҰҚК хабарламасында.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная