06 сәуір 2021 | 11:45

Қазақстанда биыл 4 автожол құрылысы басталады

Фото: ©Тұрар Казанғапов

Қазақстанда 2021 жылы төрт автожол жобасын іске асыру жоспарланды. Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 607 шақырым болатын автожол құрылысы басталады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2021 жылы төрт автожол жобасын іске асыру жоспарланды. Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 607 шақырым болатын автожол құрылысы басталады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 607 шақырым болатын төрт автожол жобасын бастауды жоспарлап отырмыз.

Қызылорда-Жезқазған автожолын қайта жаңарту (427 шақырым). Азия даму банк (АДБ) және Еуропа қайта құру және даму банктен мемлекеттік кепілдік арқылы қарыз алынады. Жыл соңына дейін банктермен несие шартына қол қойылып, жобаны іске асыратын мердігерлер анықталады", - деді министр Үкімет отырысында.

Тағы бір жоба - Түркістандағы шығыс айналма жолының құрылысы (30 шақырым). Оны Дүниежүзілік банктен алынған қаржыны үнемдеу есебінен іске асыру жоспарланды (2020 жылғы 8 желтоқсан). Жоба II жартыжылдықта басталуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Атамқұловтың айтуынша, бұдан бөлек Шымкенттегі оңтүстік-батыс айналма жолының (48 шақырым) құрылысы жоспарланған. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы пысықталып жатыр.

Сондай-ақ, 2021 жылы АДБ арқылы Сарыағаш айналма жолын (102 шақырым) салу жоспарда бар.

"Қазір мемлекеттік органдармен бірлесіп үйлестіру кеңесін шақыру мәселесі пысықталып жатыр", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Атамқұлов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная