25 қаңтар 2022 | 17:26

Қазақстанда бизнестің жартысынан көбі шығынға ұшырады - сауалнама

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Бизнестің 61 пайызы жабылу алдында тұр. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бизнестің 61 пайызы жабылу алдында тұр. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, талдау нәтижелері бойынша пандемия басталғаннан бері кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер саны орта есеппен 11 пайызға, ал қоғамдық тамақтану, ойын-сауық және қызмет көрсету салаларында 20 пайызға қысқарған.

"Пандемияға байланысты сауалнамаға қатысқандардың 56 пайызы табыс айтарлықтай төмендегенін айтты. Кәсіпорындардың шамамен 61 пайызы жабылуға шақ қалып тұр, қоғамдық тамақтану нысандарында бұл көрсеткіш 78 пайызға, туризмде 79 пайызға дейін өсті. Бұл ретте туризм, сауда, ойын-сауық және демалыс секторлары көбірек зардап шекті", - деді Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, кәсіпкерлердің 40 пайызы негізгі мәселелердің бірі ретінде жұмысқа тыйым салу мен шектеулерді атап отыр.

Сондай-ақ, "Атамекен" ҰКП карантинді және шектеулер енгізу кезеңінде 13,3 мың кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне (караоке, боулинг, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар, фуд-корт, мектеп асханалары, банкет залдары, балалар ойын-сауық аймақтары), 490 мың кәсіпкерлік субъектілерінің (сауда, ойын-сауық, тамақтану және орналастыру қызметтері) қызметі шектелген, ал бұл 3,5 миллион адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная