05 ақпан 2021 | 11:13

Қазақстанда біліктіліксіз жұмысқа орналасу мүмкін емес

Фото:elements.envato.com

Елдегі жұмыс берушілер үш үміткердің екеуінен біліктілікті талап етеді. Мысалы қаржы секторы мен денсаулық сақтау саласында біліктіліксіз жұмысқа орналасу мүмкін емес, - деп хабарлайды Finprom.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елдегі жұмыс берушілер үш үміткердің екеуінен біліктілікті талап етеді. Мысалы қаржы секторы мен денсаулық сақтау саласында біліктіліксіз жұмысқа орналасу мүмкін емес, - деп хабарлайды Finprom.kz.

Зерттеуге сәйкес, елде орта және жоғары білікті жұмыс күшіне сұраныс артқан. Мысалы 2020 жылғы қаңтар-қазанда электрон еңбек биржасында 784 000 бос жұмыс орны орналастырылды, оның 66 пайызы біліктілікті қажет етеді.

Реклама
Реклама

"Көбіне қаржы және сақтандыру қызметі, денсаулық сақтау, ақпарат және байланыс сияқты салада 10 жұмыс іздеушінің тоғызынан біліктілікті талап етеді. Өңірлер бойынша білікті кадрларға қажеттілік Қостанай облысында (бос жұмыс орынның 80 пайызы біліктілікті қажет етеді), Нұр-Сұлтан (79 пайыз) және Алматы (77 пайыз) қаласында анағұрлым жоғары", - деп жазады басылым.

2021 жылдың қаңтарында премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

"Қазақстанда адам капиталын дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр. Осылайша, білім беру саласына бағытталған инвестициялар бір жыл ішінде 42,2 пайызға артып, 301,6 миллиард теңгені немесе елдегі күрделі салымдардың жалпы сомасының 2,4 пайызы", - деп жазады басылым.

Бұдан бөлек, Қазақстанда экономиканың тоғыз саласын қамтитын жаңа кәсіптер мен біліктілік атласы құрылды.

Атласта үш мамандық тобы аталды:

жаңа - әлі ресми түрде жоқ, бірақ жақын арада пайда болу ықтималдығы жоғары мамандықтар; өзгеретін - жақын арада айтарлықтай өзгеретін қолданыстағы мамандықтар; жойылатын - алдағы жылдары сұранысқа ие болмайтын мамандықтар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram