ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2023 | 15:47
Қазақстанда "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің кейбіріне қатысты ереже өзгерді
2023 жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары үшін міндетті еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқартылды. Ол үшін стипендия иегерінде шетелдік жоғары оқу орны, жұмыс беруші немесе ұйымның гранты болуы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық бағдарламалар орталығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл "Болашақ" стипендиясына үміткерлерді іріктеу ережелері жетілдірілді. Енді байқауға шетелдік университет немесе ұйымның академиялық оқуға гранты бар талапкерлер де қатыса алады. Мұндай стипендиаттардың жұмыс мерзімі қысқартылады. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бес жылдан төрт жылға дейін, еліміздің басқа өңірлерінде үш жылдан екі жылға дейін", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
Ол "Болашақ" стипендиаттың тұруына, тамақтануына, медициналық сақтандыруға, әуе жолына, визалық төлемдеріне, оқу материалдарын сатып алуға кететін шығындарын өтейтінін атап өтті. Бұл қазақстандықтардың мүмкіндіктерін арттырады, сонымен қатар бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді.
"Болашақ" бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу үшін жетекші шетелдік ЖОО-да оқу гранты бар үміткерлер академиялық оқуға түскенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тегін ұсынуы қажет. Грант академиялық оқудың барлық кезеңін қамтуы керек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также