ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қаңтар 2023 | 09:26
Қазақстанда боран мен көктайғаққа байланысты 127 жол учаскесі жабылды
Ауа райының нашарлауына байланысты – қарлы боран, жолдың нашар көрінуі, көктайғақ: 127 жол учаскесі жабылды, оның 49-ы республикалық және 78-і облыстық маңызы бар жол, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жолдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, өңірлерде де осындай штабтар жұмыс істейді. Бақылау бекеттерінде 600 көлік жиналған.
"Қазіргі уақытта Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстарында құтқару бөлімшелері 691 адамды, оның ішінде 137 баланы құтқарып, эвакуациялады, 145 техника сүйреп шығарылды.
Жолдардың жабық учаскелерінде адамдарды эвакуациялау үшін 838 уақытша жылу пункттері дайындалды, 87 техника (ауысымдық және КУНГ) дайын тұр", - деді ТЖМ өкілдері.
Уақытша жылу орталықтарында 420 адам болса, оның 69-ы балалар. Бұл Жамбыл облысы, Абай облысы, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также