22 наурыз 2022 | 13:20

Қазақстанда боран салдарынан қандай жолдар жабылды?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қазақстанда ауа райы қолайсыз болуына байланысты бірнеше республикалық жол жабылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" сайтында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ауа райы қолайсыз болуына байланысты бірнеше республикалық жол жабылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" сайтында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайтта Екатеринбург-Алматы тасжолында Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға дейінгі бөлік жабылғаны көрсетілген. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс сағат 10.00-де тоқтатылады.

Жезқазған - Петропавл тасжолының Қостанай және Қарағанды облыстарындағы бөлігі, Державинскіден Жездіге дейінгі бөлігі жабылды.

Реклама
Реклама

"Мой Город" мәліметінше, 22 наурызда Батыс Қазақстан облысында боран салдарынан жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілген:

  • Орал - Тасқала - Ресей шекарасы, Оралдан Тасқала ауылына дейін;
  • Самара-Шымкент, 195-251 шақырым, Ресей шекарасынан Оралға дейін;
  • Подстепное - Федоровка - Ресей шекарасы, Подстепное ауылынан Бөрліге дейін 0-96 шақырым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная