ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қараша 2020 | 16:34
Қазақстанда борышкерлерден мерзімінен бұрын алынған зейнетақы жинағын тартып алуға тыйым салынады
Қазақстанда қарызды өтеу үшін мерзімінен бұрын алынған зейнетақы жинағын өндіріп алуға тыйым салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда қарызды өтеу үшін мерзімінен бұрын алынған зейнетақы жинағын өндіріп алуға тыйым салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан халық ассамблеясының депутаттық тобы мремьер-министр Асқар Маминге зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану мәселесі бойынша сауал жолдады.
"Жолдауда көрсетілген 700 мың БЖЗҚ салымшыларының ішінде борышкерлер, яғни атқару құжатында көзделген талаптарды орындауға міндетті жеке тұлғалар болуы мүмкін. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңға сәйкес олардың қатарына алимент төлеушілер, банктік және микроқаржы ұйымдарында несие бойынша берешегі бар адамдар кіреді", - делінген 14 қазандағы депутаттық сауалда.
Депутаттардың пікірінше, қазақстандықтар бұл төлемдерді өз мақсатымен қолдану кезінде кедергіге тап болуы мүмкін, өйткені бұл төлемді сот орындаушылары қарызды мәжбүрлі қайтарып алу жолымен алып қоюы мүмкін.
Мәжілісмендер зейнетақы активтері өндіріп алуға болмайтын ақша сомаларының тізбесіне кіретінін, ал тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беру үшін алынатын зейнетақы аударымдары зейнетақы төлемдері саналатынын және бұл жоғарыда көрсетілген тізбеде көзделмегенін атап өтті.
Сондықтан мәжілісмендер заңдарға түзетулер енгізуді және тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына берілетін зейнетақы төлемдері қарыздарды өтеу үшін өндіріп алынбайтынын көрсетуді сұрады.
Премьер-министр Асқар Маминнің жауабында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамалық актілерге тиісті түзетулер пакетін әзірлеп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібергені айтылған.
"Түзетулерді "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы шеңберінде қарау ұсынылады. Көтерілген мәселелер бойынша жұмыс жалғасы жатыр және бақылауда", - делінген Үкіметтің жауабында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также