Қазақстанда бір айға жететін отын қоры бар - Энергетика министрлігі

Қазақстанда бір айға жететін отын қоры бар - Энергетика министрлігі

Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досм?хамбетов ?аза?станда ішкі нары?ты бір ай бойы ?амтамасыз ете алатын жанар-жа?армай материалдары бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов Қазақстанда ішкі нарықты бір ай бойы қамтамасыз ете алатын жанар-жағармай материалдары бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өңделген мұнайдың көлемі 3,9 миллион тоннаға жетті. Бұл өткен жылғы 2017 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 9,4 пайызға артық. Алғашқы үш айда үш мұнай өңдейтін үш зауыттағы мұнай өнімдерінің көлемі 2,8 миллион тонна болды. Бұл былтырмен салыстырғанда 5 пайызға артық", - деді Махамбет Досмұхамбетов үкімет отырысы барысында.

Оның айтуынша, алғашқы үш айда еліміздегі мұнай өнімдері бойынша жағдай тұрақты.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, энергетика бірінші вице-министрі осы жылдың алғашқы үш айында 18 миллион тонна мұнай экспортталғанын айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін 11 сәуірде энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасы арзандауы мүмкін екенін айтқан еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама