03 мамыр 2022 | 17:24

Қазақстанда бір жылда не қымбаттады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото. Тengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанда сәуірдегі жылдық инфляция деңгейі 13,2 пайыз, бір айда 2 пайыз, жыл басынан бері 7,3 пайыз болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда сәуірдегі жылдық инфляция деңгейі 13,2 пайыз, бір айда 2 пайыз, жыл басынан бері 7,3 пайыз болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, бір жыл ішінде азық-түлік тауарлары 17,9 пайызға қымбаттаған. Азық-түлік емес тауарлардың бағасы 11,1 пайызға, ақылы қызметтер 8,9 пайызға өскен.

Өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда қант, жаңа піскен көкөністер, картоп және құс еті қымбаттады. Жұмыртқа бағасы 4,1 пайызға төмендеді.

Реклама
Реклама

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі жеке тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтер бағасының өзгеруін көрсетеді.

Баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы жыл басынан бері индекс құрылымында азық-түлік тауарлары 40,7 пайызды, азық-түлік емес тауарлар 30,2 пайызды, ақылы қызметтер 29,1 пайыз болғанын айтты.

Жақыпбекұлының айтуынша, 2022 жылғы сәуірде 2021 жылғы сәуірмен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі мынадай:

  • автокөліктер - 19,2 пайызға;
  • тұрмыстық техника - 18,1 пайызға;
  • жеке пайдалануға арналған тауарлар - 15,1 пайызға;
  • құрылыс материалдары - 14,7 пайызға;
  • жуғыш және тазалау құралдары - 14,3 пайызға;
  • жиһаз және тұрмыстық заттар - 13 пайызға;
  • тоқыма бұйымдары - 8 пайызға;
  • фармацевтикалық өнімдер - 7,6 пайызға;
  • қоғамдық тамақтандыру қызметтері - 13,9 пайызға;
  • санаторий қызметтері - 12 пайызға;
  • денсаулық сақтау қызметтері - 11,9 пайызға;
  • шаштараз және жеке күтім мекемелері - 11 пайызға;
    қонақүй қызметтері – 5,7 пайызға;
  • жолаушылар көлігі қызметтері - 5,4 пайызға.

Оның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да тарифтердің өсуі байқалады. Бір жылда электр энергиясы 10,6 пайызға, қоқыс шығару 7,8 пайызға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 3,2 пайызға қымбаттаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная