ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қыркүйек 2019 | 10:18
Қазақстанда бір жылда үш мың оқушы отау құрған
Елімізде некесін ерте қиюға асығатын жасөспімдердің қатары артып барады. Ресми дерекке сенсек, жылына 3 мың оқушы отау құрады екен. Күні кеше ғана 15 жасында үйленген ақтаулық жеткіншектердің видеосы желіде тарап, көптің қызу талқысына түскен еді. Сонымен ерте некенің ертеңі қандай? Мамандар неден қорқып отыр? Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасы" сюжет дайындапты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елімізде некесін ерте қиюға асығатын жасөспімдердің қатары артып барады. Ресми дерекке сенсек, жылына 3 мың оқушы отау құрады екен. Күні кеше ғана 15 жасында үйленген ақтаулық жеткіншектердің видеосы желіде тарап, көптің қызу талқысына түскен еді. Сонымен ерте некенің ертеңі қандай? Мамандар неден қорқып отыр? Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасы" сюжет дайындапты.
Кешелі-бері көптің қызу талқысына түскен ақтаулық жас жұбайлар бұл. Жастары небәрі 15-те. Екеуі де колледж студенті. Өз сөздеріне сүйенсек, 3 ай бұрын танысып, жүре бастапты. Кейін "сүйемін, күйемін" деген жігіті қызының қарсылығына қармастан оны алып қашқан, ал "ұят боладыға" салынған бойжеткеннің көнуінен басқа амалы қалмапты.
Елімізде бесіктен белі шықпағандардың отау құрып, үлкен өмірге қадам басып жатқан оқушы-балалардың саны жыл санап көбейіп барады. Біріккен ұлттар ұйымының дерегінше, жыл сайын 3 мыңға жуық кәмелет жасына толмаған қыз тұрмысқа шығады. Олардың бес пайызы өзінен жоқ дегенде 10 жас үлкен ер азаматпен шаңырақ көтереді екен. Ал психологтар көп жағдайда мұндай жас отбасылардың дәм-тұзы жараспай қалады дейді.
"Біріншіден жас рекшеліктері өте жас. Анатомиялық, физиологиялық, психологиялық, тіптң әлеуметтік жағынан дайын емес олар отбасы құруына. Біздің қоғамда ондай жайттер өте көп. Себебі, үлкен кісілердің әлде болса, тәрбиеде жіберіп алған олқылықтары. Ал енді осыдай жайт орын алғанда, ата-аналар жауапкершілікпен қарау керек", - дейді Психолог Жаңагүл Тұрманова.
Ал ерте үйленуге қатысты қоғамның пікірі қақ жарылды. Бірі, "он үште отау иесі", ертең оң жақта отырып қалғаннан гөрі, қазірден тұрмыс құрған дұрыс десе, өзгесі мұны тағдырға балта шабумен тең дейді. Ал мамандар болса, мұндай тойлардың дені бір сценариймен болатынын айтады. Яғни, жігіт алып қашады, ал бұрымды "қайтып келген қыз жаман" деп сол үйдің келіні болып қалады, дейді. Бұл ретте заңгерлер, мұны барып-тұрған қылмысқа теңеп, заң жүзінде жаза бар екендігін еске салады.
"Бұл жағынан Қазақстан Республикалық Қылмыстық кодексінің 125-бабы бар. Бұл алдын ала топ байланысып, адам ұрлау бағытына жатады. 7 жылдан 12 жылға дейін. Екінші бапқа кетіп қалуы мүмкін, қылмыстық кодекстің. Ол қыз зорлау", - дейді заңгер Шыназбек Маханов.
Негізі елімізде заң жүзінде тек кәмелет жасына толғандарға ғана үйленуге рұқсат берілген. Немесе балалы болған жағдайда 16 жастағылар да отау құра алады делінген. Содан болса керек, желі қолданушыларының дені ақтаулық жасөспірімдер некелерін мешітте қиған деп топшылап отыр. Алайда дін өкілдерінің мұнымен келіскісі жоқ.
"Мешіттерде неке қиюдың өзінің тәртіптері бар. Мешітте неке қию үшін ол міндетті түрде АХАЖ бөлімінде тіркелу керек. Неке туралы куәлін алып келген жағда ғана қиылады. Бірақ қоғамда некені мешітте емес, жасырын қиып жатқан кездері де бар. Бірақ ол жағдайда мешіттің ешқандай қатысы болмайды", - дейді ҚМДБ ғұламалар кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров.
Шетелдегі тәжірибені де мысалға келтірілген. Мәселен, Швецияда кәмелет жасына толмағандарға үйленуге қатаң тыйым салынған. Ал ресейліктер некелесу жасын 21-ге дейін ұзарту керек деген бастама көтеріп жатыр. Бұл ретте отандық сарапшылар елімізде ерте үйленгендердің 80 пайызы ажырасып, отбасында зорлық-зомбылық көретінін ескеріп, бізге де мұндай заңның артық болмайтынын айтып отыр.
Показать комментарии
Читайте также