ПОДЕЛИТЬСЯ
01 шілде 2020 | 09:04
Қазақстанда бір күнде симптомсыз мыңнан аса адам тіркелді
Қазақстанда COVID-19 жұқтырған, бірақ аурудың белгісі жоқ 1115 адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда COVID-19 жұқтырған, бірақ аурудың белгісі жоқ 1115 адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына сілтеме жасап.
Осылайша, елімізде аурудың белгілері жоқ тасымалдаушылардың саны 18 757-ге жетті.
Ал COVID-19 жұқтырғандардың саны 22 308-ге жетті.
Портал мәліметінше, коронавирустан жалпы 188 адам қайтыс болған, 13 588 адам аурудан айығып шыққан.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі мен Ведомствоаралық комиссия 1 шілде бойынша жаңа мәліметті жарияламаған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также