ПОДЕЛИТЬСЯ
20 мамыр 2021 | 09:47
Қазақстанда бір өңір "жасыл" аймаққа өтті
Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.
2021 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Бұған дейін Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар 2 433 коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай анықталғаны хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также