ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қараша 2021 | 09:04
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 34 адам қайтыс болды
Қазақстанда пневмонияның 16 жағдайы тіркелді, сондай-ақ бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 34 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

"7.11.2021 жылы пневмонияның 16 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 51 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 80372, 5073 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 70008-ге жетті", - делінген хабарламада.
9 қарашадағы мәлімет бойынша, 39 705 адам коронавирус инфекциясынан (34 414 КВИ+ және 5 291 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 7 317 пациент стационарда,
- 32 388 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 520 адамның жағдайы ауыр,
- 144 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 110 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также